×

Астанада балабақша тәрбиешілері жұмыс орнында "естен танғанша" ішімдік ішкен

Балалар ересектердің қарауынсыз қалған

Астанада балабақша тәрбиешілері жұмыс орнында "естен танғанша" ішімдік ішкен
elements.envato.com

Астана полицейлері балабақшалардың бірінде тәрбиешілерді ес-түссіз мас күйінде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана gолиция департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.

"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру бойынша жеткен полиция қызметкерлері педагогтердің масаң күйде болғанын растады. Оқиға орнына “жедел жәрдем” шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Дерек бойынша, Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →