×

Алматыда мемлекеттік 215 мектеп бар: ішінде қазақ мектебінің үлесі қанша

2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектептің құрылысы аяқталады

Алматыда мемлекеттік 215 мектеп бар: ішінде қазақ мектебінің үлесі қанша
Фото: Qaz365.kz

Жаңа оқу жылы басталар алдында Qaz365.kz порталы Алматы қаласының білім басқармасынан мектептер жөнінде мәліметтерді сұрап білді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нақтырақ айтқанда, басқармаға бірқатар сұрақ қойылған. Алматыда қанша мектеп бар? (Мемлекеттік, жекеменшікті қоса алғанда) ⁠Алматыдағы мектептердің қаншасы қазақ тілінде, қаншасы орыс және аралас тілде? ⁠Алматы қаласында жалпы қанша оқушы бар? ⁠Қаладағы үш ауысымды мектеп саны қанша? ⁠Қанша мектеп жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі? Олар қай тілде ашылады?

Бұл сұрақтарға келген жауапта оңтүстік астанада 215 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп бары айтылады.

«Алматыда 215 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 77 мектеп қазақ тілінде, 57 мектеп орыс тілінде, 78 мектеп аралас және 3 мектеп ұйғыр тілінде оқытылады. Алматы қаласында жалпы 300 мыңнан астам оқушы бар.  Қалада үш ауысымды мектеп жоқ», – дейді басқарма жауабында.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 36,8 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланған. 2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектептің құрылысы аяқталады. 4 мың орындық тағы екі мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептер мемлекеттік тілде ашылады деп жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Нәтижесін көріп отырмыз": Зайытов пен Мұқаев орыс тілін тек 5 сыныптан оқыту керек деп бастама көтерді
Бүгін, 20:11

"Нәтижесін көріп отырмыз": Зайытов пен Мұқаев орыс тілін тек 5 сыныптан оқыту керек деп бастама көтерді

Олар орыс тілі оқулықтарының тапсырмалары шамадан тыс ауыр екенін айтты
Бүгінде олардың оқу ақысын мемлекетке қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр
Шетелдік жазушылар да пікір білдіріп, аталмыш бейнежазбаны бөлісіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →