×

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын және атаулы әлеуметтік көмекті тағы өсіреміз – Серік Жұманғарин

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын және атаулы әлеуметтік көмекті тағы өсіреміз – Серік Жұманғарин
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда зейнетақы, бюджет саласының жалақысы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегінің мөлшері артады. Бұл туралы  Taldau Talks подкастында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары әрі ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

Заң бойынша біз инфляция деңгейінде зейнетақыны, мемлекеттік қызметкерлердің, мұғалімдердің және дәрігерлердің жалақысын өсіруге тиіспіз. 20 пайыздық мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болады. 16 пайыздық мөлшерлемеде ол 500-550 миллиардтың арасында. Атаулы әлеуметтік көмектің де мөлшерін көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға 40-45 миллиард теңге көлемінде. Тұрғын үй көмегіне қатысты, тарифтер бағасы көтерілуінің орнын толтыру үшін оның да мөлшерін ұлғайтамыз, - дейді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, 20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент қарауына қабылданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді
Бұл жоба нарықтық өтімділікті айтарлықтай арттырып, инвесторлар базасын кеңейтеді деп күтілуде
Аналитиктер бұл оқиға Қазақстан үшін мұнай өндіру көлемін арттыруға қосымша мүмкіндіктер туғызуы мүмкін екенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →