×

Рудныйдағы автобус аялдамасынан төрт жасар бала табылды

Баланың жанынан киім салынған сөмке мен ЖСН нөмірі жазылған жазба табылған

Рудныйдағы автобус аялдамасынан төрт жасар бала табылды
Сурет: Qaz365.kz/ жасанды интеллектпен жасалған

Рудныйдағы автобус аялдамасынан төрт жасар бала табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баланы өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полицияға қоңырау шалған.

“Баланың жанынан киім салынған сөмке мен ЖСН нөмірі жазылған жазба табылды. Алдын-ала деректер бойынша баланың анасы Астанаға кетіп бара жатып ұлын құрбысына қалдырып кеткен. Ол дүкенге шыққан кезінде одан айырылып қалған болуы мүмкін", –  деп түсіндірді Облыстық полиция департаменті.

Полиция баланың анасын тапты. Ол кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін тәрбиелеу, қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Қазір бала қауіпсіз жерде, оның өмірі мен денсаулығына зиян келмеген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бүгін, 17:53

Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған
Мұғалім әлеуметтік желіде Президентке үндеу жасады
Қыздың ата-анасы кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →