×

Ұлытаудағы жеті кеншінің өлімі: оқиға орнына үкіметтік комиссия барды

Комиссия мүшелері тергеу барысымен танысты

Ұлытаудағы жеті кеншінің өлімі: оқиға орнына үкіметтік комиссия барды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.

Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.

Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей Украинаға зымыранмен соққы жасады. 32 адам қаза тапты
Бүгін, 20:29

Ресей Украинаға зымыранмен соққы жасады. 32 адам қаза тапты

Ол АҚШ-ты, Еуропаны және өзге елдерді бұл зымыран шабуылына қатаң жауап беруге шақырды
Ақпаратты өңірлік ПД баспасөз қызметі растады
Оның ерекше іс-әрекеті билік өкілдерінің назарын аударған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →