×

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

Суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды
polisia.kz

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған. 
 
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген. 
 
Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсы аударылып, суға бата бастаған. 

Жауынгердің батыл және жылдам әрекеті оны ажалдан аман алып қалды.
 
Әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты
Кеше, 19:55

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар
Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →