×

Қыз зорлаған танымал фотограф бес жылға сотталды

Бір жылға созылған соттың үкімі бүгін шықты

Қыз зорлаған танымал фотограф бес жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық Медеу ауданының № 2 аудандық сотында зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы фотографтың ісі қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылдың  9 наурызында 22 жастағы алматылық Элина н достарымен түнгі клубтардың бірінде демалып отырған. Бір танысы оған жақындап, коктейль ұсынған. Содан кейін құрбысы екеуін үйге жеткізіп тастаймын депті. Нәтижесінде таныс жігіт бойжеткенді үйіне алып кетіп зорлаған. Ол қыздың коктейліне дәрі салған көрінеді. Салдарынан Элина есін білмеген. Ол жігіт фотограф Азамат Кенжеғұлов екені анықталады.Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper‘ s bazaar сияқты ірі басылымдармен жұмыс жасаған танымал фотограф.

Бір жылға созылған соттың үкімі бүгін шықты. 

Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Бірақ  айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →