×

Каспий маңы бассейніндегі сегіз барланған учаске мемлекетке қайтарылды

Келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін барлау орындарын жедел жабу тапсырмасы берілген

Каспий маңы бассейніндегі сегіз барланған учаске мемлекетке қайтарылды
Сурет: dzen.ru

Келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Каспий маңы бассейніндегі сегіз барланған учаске мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін Каспий маңы бассейні шегіндегі барлау учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерген болатын.

«2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай сегіз учаске анықталды. Аталған сегіз келісімшарт бүгінде тоқтатылды. Осы жылы төрт учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін қол қою жоспарлануда. Қалған төрт учаске келесі жылы шығарылады немесе олар бойынша келісімшарттарға тікелей қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Ерлан Ақкенженов.

Энергетика министрлігіне аталған жұмысты жеделдету тапсырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысындағы «Қойтас» эко-саябағы 20 гектарға дейін ұлғаяды
24.04.2026ж. 21:11

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысындағы «Қойтас» эко-саябағы 20 гектарға дейін ұлғаяды

Жетісу облысында 3 эко-саябақ құру жұмыстары басталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Уақтылы төлеу өсімпұл есептеудің және жауаптылық шараларын қолданудың алдын алуға мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →