×

Оқушылар челленджі: Бүкіл Қазақстан мектептерінде бір уақытта күй тартылады

Уақыты мен күні: 20 наурыз күні сағат 11:00-де 

Оқушылар челленджі: Бүкіл Қазақстан мектептерінде бір уақытта күй тартылады
Сурет: Chursinov Artem

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартып, мерекелік челлендж ұйымдастырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов мәлімдеді.

20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челленджі өтеді.

«20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челленджі өтеді. Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.

Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі он күндік “Наурызнама” өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →