×

Маңғыстауда әр бесінші мұғалімнің жоғары білімі жоқ па: білім басқармасы жауап берді

Белгілі блогер Алмас Алтай өзінің Фейсбук парақшасында осылай жазды

Маңғыстауда әр бесінші мұғалімнің жоғары білімі жоқ па: білім басқармасы жауап берді
Ашық дереккөздерден

“Маңғыстау облысындағы әр бесінші мұғалімнің жоғары білімі жоқ. Педагогтардың 99,5 пайызы өз мамандығынан ештеңе білмейді”. Бұл туралы блогер Алмас Алтай өзінің Фейсбук парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бұл дерек ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының және Ұлттық білім беру дерекқорының мәліметіне сүйеніп, ҚР Парламент Сенатының жанындағы Талдау мектебінің курсында айтылған. Алайда блогер постты өшірген.

Осыған байланысты Маңғыстау облысының білім басқармасы блогердің сауалына жауап берді.

Басқарманың мәліметінше, қазіргі таңда өңірдегі білім беру ұйымдарында 22 390 педагог қызмет етеді (балабақша, мектеп, колледж). Оның ішінде 18 791 педагог, яғни, 84%-ы жоғары білімді. Қалған 3599 педагогтің арнаулы орта кәсіби білімдері бар.

- ҚР БжҒМ-нің 13.07.2009 жылғы N338 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогтер қызмет ете алады. Облыс педагогтерінің 22,6 %-ы жас маман болса, 515 мұғалім магистратура бітірген. Кадр тапшылығын жою мақсатында 2018 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен 250-ге жуық студент облыс әкімінің білім беру грантымен еліміздің жоғары оқу орындарында кәсіби білім алуда. Оның 50-ге жуығы биылғы оқу жылында облыс мектептерінде қызметтерін бастады. Республикалық білім беру гранты есебінен жоғары оқу орындарында бүгінгі таңда 600-ден астам студент оқиды.
Жыл сайын өлкеміздің педагогтері республикалық дәрежеде “Үздік педагог” атанады (2020 жылы - 5, 2021 жылы - 3, 2022 жылы - 3). Облыс оқушыларының командасы соңғы бес жылда республика бойынша “Үздік олимпиадалық команда” атанды.

Осы баяндалғандардың негізінде «Маңғыстау облысында 99,5% педагогті өз мамандығынан хабары жоқ» деуге негіз жоқ деп есептейміз, - делінген хабарламада.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →