×

Гүлмира Сатыбалды кәсіпкерді акциялары үшін ұрлаған

"Құжаттарға қол қоймасаң, балаларыңды қырып саламыз", - деп қорқытқан

Гүлмира Сатыбалды кәсіпкерді акциялары үшін ұрлаған
ulysmedia.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленушілердің бірі сот процесі барысында өзінің қалай ұрланғаны жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс бойынша жәбірленушілердің бірі – Maxi Bottlers ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Мекешова сейсенбіде басталған сот процесінде Гүлмира Сатыбалдаға қарсы айғақ берді.

Мекешованың айтуынша, оның ұрлануына Galanz Bottlers компаниясының акциялары себеп болған.

Оны 2020 жылдың 1 қазанында үйіне қайтып бара жатқанда кешкі уақытта ұрлап кеткен. Бірнеше ер адам Айгүл Мекешованы Гүлмира Сатыбалдының үйіне күшпен апарып, телефонын тартып алып, жертөлеге қамаған. Жәбірленушінің кәмелетке толмаған балалары аналарын бейтаныс адамдар күшпен алып кеткенін терезеден көріпті.

"Біраз уақыттан кейін Сатыбалдының оң қолы – Сыздықова Әйгерім жертөлеге түсті. Ол: "Мен тек орындаушымын, Гүлмира Сатыбалдының тапсырмаларын орындаймын. Оның бұйрықтары талқыланбайды. Жанжалсыз, ашусыз құжаттарға қол қойыңыз (компания акцияларын иеліктен шығару туралы – ред.), әйтпесе жарақат аласыз, қырғын болады”. деді. Ол нақты сұрақ қойды: “Үлкен қызыңызды немесе кіші қызыңызды таңдаңыз. Балалар үйде жалғыз қалды, егер қазір қол қоймасаңыз, біз оларды қырып саламыз", - деп Мекешова Сыздықованың сөзін жеткізді.

Айтуынша, ол артық сұрақсыз қол қоюға келіскен.

"Ол барлық құжаттарды, хаттарды, құрылтайшылардың шешімін, келісімін әкелді. Мен бәріне тез қол қойдым. Содан кейін нотариустың тіркеу журналын әкелді. Әрине, нотариус өз орнында болған жоқ. Сатып алу-сату шарты үш данада болды. Мен тез қол қойдым", - деп еске алды жәбірленуші.

Мекешованың сөзінше, құжаттарда сатып алушы ретінде Гүлмира Сатыбалдының көмекшісі Мәди Батыршаев көрсетілген.

"Қайтар жол бойында Батыршаев маған егер құқық қорғау органдарына жүгінсем, өзімді де, балаларымды да өлтіремін деп қорқытты. Маған ұялы телефонның USB-сымын көрсетті, егер қаласаңыз, біз сізді осында тұншықтырамыз деді", – дейді Мекешова.

Үйге оралғаннан кейін жәбірленуші полицияға ұрланы туралы арыз жазған, бірақ, оның айтуынша, одан нәтиже болмаған.

Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Сот отырысы барысында Алагөзовтің адвокаты Ақмарал Бұралқиева сотқа Гүлмира Сатыбалды келтірілген залалды өтеуге және медиативтік келісім жасасуға әрекеттенгенін айтты.

Бұдан бұрын Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →