×

“Сирия мен Ауғанстаннан келген иммигранттардан сақтаныңыздар”: ІІМ желіде тараған ақпарат жөнінде мәлімдеме таратты

Әлеуметтік желіде жұртты елең еткізген күдікті хабарландырулар тарап жатыр

“Сирия мен Ауғанстаннан келген иммигранттардан сақтаныңыздар”: ІІМ желіде тараған ақпарат жөнінде мәлімдеме таратты
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі “Сирия мен Ауғанстаннан келген иммигранттардан сақтаныңыздар” деген жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпарат қалай тарады

Бұған дейін әлеуметтік желілерде “Ішкі істер министрлігі мынадай мәлімдеме жариялады” деген ақпарат тараған еді. Онда былай делінген:

“Елдегі қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, құрметті азаматтарға қатаң түрде мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • үйлеріңіздің есіктерін әрқашан құлыптап қою,

  • барынша сақ болып, қырағылық таныту,

  • Сирия немесе Ауғанстаннан келген кез келген иммигранттармен жақын қарым-қатынасқа түспеу, тіпті олар қандай да бір өтінішпен жүгінсе де,

  • бейтаныс адамдармен бірге лифтіні пайдаланбау,

  • түнде жақындарыңызға ескертпестен көшеге шықпау.

“Мынадай нұсқауларды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз: егер 3–4 адам келіп, өздерін су арнасы не электр компаниясының (“Эссом”) қызметкерлері ретінде таныстырып, үйіңіздегі шамдарды тегін ауыстырып береміз десе — оларды үйге кіргізбеңіздер! Олар мұндай әрекеттерді бірнеше жерде жасаған. Бұл – ұры әрі балаларды ұрлаушылар! Олар қарумен қорқытуы мүмкін. Ескерту: Бұл хабарламаны жақындарыңызға жіберіңіздер. Осы арқылы біреудің өмірін құтқарып қалуларыңыз ықтимал. Үйлеріңіздің есіктері сенімді түрде құлыпталғанына әрдайым көз жеткізіңіздер! Балаларыңыз бен үй қызметкерлеріңізді «Сіз кімсіз? Атыңыз кім?» деп сұрамайынша, есік ашпауға үйретіңіздер. А.Б. Жафаров. Ішкі істер министрлігі”, – делінген ақпаратта.

ІІМ: бұл жалған ақпарат

Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы «ескерту» жалған ақпарат екенін хабарлайды.

“Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Күдік тудыратын жағдайлар кезінде 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз”, – делінген ІІМ ескертуінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
23.08.2025ж. 10:56

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →