×

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

Бұл туралы ШҚО әкімі мәілмдеді

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды
azattyq-ruhy.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 24 наурызда Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді.

"Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар", – деді әкім.

Ол жұмыс процесінде ЖЭО 67рет істен шыққанын атап өтті. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаң жарылды.

"Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз", – деді Даниал Ахметов.

Оның сөзінше, жағдайды шешудің жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу.

"Біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Сатыбалдының қамауда отырғанда алған қонақ үйіне қатысты Антикор жауап берді
Кеше, 19:07

Сатыбалдының қамауда отырғанда алған қонақ үйіне қатысты Антикор жауап берді

Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай жазған еді.
Оның айтуынша, жалпы Қазақстанда кез келген адамның ары мен абыройы заңмен қорғалады
Оның айтуынша, бұл мәселемен министрлік айналысып жатыр
Журналистер одан өзін "Көлгінов 20%" деп атайтынын біліп-білмейтінін сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →