×

Қатыгездікпен соққыға жығылған сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалған ба

Богдан Гринишинді өзінен үлкен  сарбаз аяусыз соққыға жыққан

Қатыгездікпен соққыға жығылған сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалған ба
caravan.kz

Есіңізде болса, №30238 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Богдан Гринишинді өзінен үлкен сарбаз аяусыз соққыға жыққанын жазған едік. Салдарынан жігіттің миы шайқалып, жақ сүйегі сынған. Соған қарамастан, қансырап жатқан сарбазды тұрмыстық бөлмеде жасырып ұстаған. Сырқаты шыдатпаған сарбаз түске таяу есінен тана бастаған. Сол кезде ғана офицер Біржан Жөтеков оны азаматтық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізген. Бірақ офицер оны «әскерге қатысы жоқ» деп көрсетіпті. Артиллериялық бригада қолбасшылығының қылмысты жасыру әрекетінен соң, Қорғаныс министрлігі мән-жайды анықтауға кірісті. Қазір 30238 әскери бөлімнің офицері қызметінен алынып, басқа бөлімге ауыстырылды. Ал оның орнына басқа тәрбиеші жіберілген деп жазады caravan.kz.

Сарбаздың анасының айтуынша, ауруханаға түскен бойда жарақатын тігіп, тазалаған. Бірақ ми жарақатына байланысты операция жасалмаған.

“Дәрігер ауыр жарақатпен түскен адамның әскери емес дегеніне сенбей,  бірден милицияны шақыртқан. Участкелік полиция қызметкері тез арада келіп, бірден хаттама толтырды. Сөйтіп, бұл жағдайды шулата бастағанымызда, баламды әкелген офицер оны қайта алып кетпек болды. Алайда емдеуші дәрігер бұған жол бермеді. Әскери госпитальда жақ-бет бөлімі жоқ және оған қажетті медициналық көмекті осында ғана көрсете алатынын айтып, баламды алып қалды”, – дейді Елена Гринишина.

Сөйтіп, сарбаз Богдан Гринишин Алматы госпиталіне ауыстырылды. Қазір ол ем алып, шығуға дайындалып жатыр. Негізі жоспар бойынша, ол 29 наурыз күні Алматыдан шығып, Ақтөбеге оралуы тиіс еді. Алайда  Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева сарбазға келіп, сөйлесіп кеткеннен кейін оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқаны анықталды.

“Бұл аз болғандай, жақында ғана ұлымның үстінен іс қозғалғанын естіп, жағамды ұстадым. ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін Әлихан Далабайдың әкесі полицияға шағымданыпты. Айтуынша, Богдан оның ұлын швабрамен соққыға жыққан. Бірақ оның емес, менің ұлым ауруханаға түскен. Бұл жай ғана екі жігіттің сөзге келіп, жаға ұстасқаны емес. Ұлымды жауыздықпен соққыға жыққан. Артынан Әлиханның өзімен кездесіп, неге олай істегенін сұрап едім. Мойнынан швабрамен ұрып жібергенге ашуланып кеткенін айтты. Алайда ұлым сол күні кезекшілігі болғандықтан, таңертең еденді жуған. Ал Әлихан болса, кір-кір аяқ киімімен әрі-бері жүріп, тазалаған жерін ластап тастаған. «Бауырым, еден кепкенге дейін күте тұршы» деген, ол болса «саған бауыр емеспін» деп, ақырында  екеуі сөзге келіп қалған. Сөйтіп, ұлымды ұрып жіберген, содан ол қорғанған. Сол жерде бәрі басылғандай болыпты. Бірақ артынан ұлымды  тұрмыстық заттар тұратын бөлмеге апарып, Әлихан қатты соққыға жыққан. Ертеңгі күні ұлымның сол әскери бөлімге қайтып баруынан қорқамын. Бөлім командирі, подполковник Айтқожин сарбаздардың аналар комитеті арқылы бәрі жақсы болатынына сендірді, бірақ оған сеніңкіремеймін. Ақтөбедегі аурухана дәрігерінің «әзірге ота жасауға болмайды, бас миының жарақаты өте ауыр» дегені есімнен шығар емес. Ал балам болса, жүрегі айнып, құсуын қоймады”, – дейді Богданның анасы.

Елена Гринишинаның айтуынша, әскери бөлімнің басшысы, генерал-майор Оспанов онымен бірде-бір рет кездеспеген. Тіпті, Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева да бір рет те қоңырау шалмаған екен. Ресми түрде Богданның анасына «бұл іс Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бақылауында» деп мәлімдеген. Алайда, оқиғаның соңы қалай болатыны белгісіз.

Айта кетерлігі, осы іске  байланысты әскери медициналық басқарманың бастығы ауысқан. Медициналық қызмет полковнигі Тимур Ошақбаевтың орнына Ержан Смайыл келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді
Кеше, 15:55

Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Бишімбаев марқұм Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар көрсетілді
Елордалық полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі
Ол оқырмандарының бірқатар сұрағына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →