×

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

23 наурызда жылу орталығында жарылыс болды

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

21 наурызда Риддердегі жылу электр орталығында тағы да оқыс жағдай болған еді. Екі қазандықта өрт шығып, үйлерде жылу температурасы азайған.

Сол күні қызыл жалын ауыздықталып, жылу электр орталығында жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт сөндірушілер кезекшілік еткен.

Ал 23 наурызда орталықта жарылыс болды.

Соған орай бүгін Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып отыр.

«Жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар. Оның жаңа иесі «RNGK» компаниясы қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеген. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеу әлі кешіктіріліп жатыр», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, қазір ЖЭО-ның жылыту маусымының соңына дейін жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін орталықты басқаруды әкімдік қолға алуға мәжбүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →