×

Ақтауда үш баласын өлтірген күдіктіні ауылдастары радикал екенін айтады

Ел салафилік бағыттағы адам деп айтады

Ақтауда үш баласын өлтірген күдіктіні ауылдастары радикал екенін айтады
arbat.media

Маңғыстау облысында үш баласын өлтірген азаматқа қатысты тың ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Аltyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Үш баласын пәтерде өлтірген азаматтың Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы екені анықталды.  Ауылдастары күдіктіні жақын танитынын айтып, бұрыннан дін жолында жүрген адам екенін алға тартады.

Ауылдасымыз болған соң танимыз. Ел салафилік бағыттағы адам деп айтатын. Бейнеудегі Ы.Алтынсарин атындағы мектепте бірге оқыдық. Бүгінгі оқиғаны естіп ауылдастарымызбен бірге шошып отырмыз. Намазхан жігіт еді. Неліктен мұндай қадамға барғанын білмедік, — деді атын атамауды өтінген ауылдасы.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдіктіге қатысты әзірге басқа ақпараттарды жарияламады. Алайда әлеуметтік желіде үш баласын өлтірген азаматтың толық аты-жөні, оның 1986 жылы туғаны, сонымен бірге, марқұм болған үш баласының есімі жария болды. Бейресми ақпарат бойынша оның үш баласының екеуі қыз, кенжесі ұл бала болған. 

Ақтауда қылмыстық оқиға болған 27 шағын аудандағы 46 үйдің тұрғындары күдіктіге қатысты ақпарат айтудан бас тартты. Көпшілігі осы үйден көргенімен, қашаннан бері тұратыны туралы білмейтін болып шықты. 

24 наурыз күні Маңғыстау облыстық полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірген азаматты ұстаған болатын. Марқұмның өз пәтерінде кәмелет жасына толмаған үш баласын өлтіргені туралы дерек анықталды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →