×

"Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елімізде Ахмет есімі берілген 1 ауыл, 200 көше, 39 мектеп бар

"Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Мадияр Мухаметья, Qaz365.kz ақпараттық агенттігі

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде "Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Конференцияның мақсаты – отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын жан-жақты ғылыми талдау, ахметтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау, соны көзқарастар мен жаңа тұжырымдарға жол ашу.

Конференцияға отандық және алыс-жақын шетелдерден 100-ден астам ғалым-зерттеушілер қатысты. Оның ішінде профессор Нергиз Бирай (Түркия), профессор Гүлжанат Эрджиласун (Түркия), PhD доктор Өзгежан Кисижи (Германия), профессор Ким Саң Чоль (Оңтүстік Корея), профессор Бекир Түмен Сомунджуоглу (Түркия), PhD доктор Бахром Ирзаев (Өзбекстан) секілді ғалымдар баяндама жасады.

“Ахмет Байтұрсынұлы есімімен 1982 жылы таныстым. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері және мақалалары жайлы кітап жаздым. Онда өзімнің ойларым мен Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының түрік тіліне аударылған нұсқасы қамтылды. Мен Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға шақырылғаныма қуаныштымын. Ахмет Байтұрсынұлы - тек қазақтар үшін емес, түріктер үшін де біртуар тұлға деп білемін. Оның «Бірлік керек, тәуелсіздік керек, ана тілін үйрену керек» деген ойлары біздің халқымыздың ойымен сабақтас”, – деді Түркиядан келген алаштанушы ғалым Нергиз Бирай.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарық көрмеген қазақ, орыс тілдеріндегі шығармалары енген 12 томдық шығармалар жинағы және Түркиядағы Памуккале университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Нергиз Бирайдың Ахмет Байтұрсынұлы туралы зерттеу кітабының тұсауы кесілді.

«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы құрметіне Ахаңның қазақ және орыс тілдерінде тұңғыш 12 томдық шығармалар жинағын басып шығардық. Мұнда Ахаңның тек қазақ тілінде емес, сондай-ақ, орыс тілінде, бұрын жарық көрмеген шығармалары да бар. Бұл еңбектің бір ерекшелігі – кітапта төте жазумен қатар оның кирилл әрпіндегі нұсқасы қатар беріледі. Бір ғасыр бұрын қалай жазылса, дәл солай беріліп отыр. Кітап Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет» бағдарламасы бойынша 3000 данамен жарық көріп, еліміздің бүкіл кітапханаларына таратылды. 12 томдық еңбекті дайындауға ең алдымен Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінің директоры Райхан Бимағамбет, профессор, академиктер Диқан Қамзабекұлы, Сағымбай Жұмағұл, Қайырбек Кемеңгер және басқа да зерттеуші мамандар атсалысып, құрастырды», – деді «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы.

Қазақ халқының болмыс-бітіміне, келбеті мен ар-ожданына айналған,  ұлтымыздың төлқұжаты болған біртуар тарихи тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ақын, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын жан-жақты насихатталды.

Тарихи тұлғаның 150 жылдық мерейтойы аясында түркі әлемінің ойшылдары санатына қосылған қазақ ағартушысының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысын модернизациялаудағы шеберлігі мен реформаторлық өнегелі істеріне конференцияға қатысушы ғалымдар жоғары баға берді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →