×

Ыстамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған болуы мүмкін

Жарылысты террорлық әрекет деп есептейміз – Түрік билігі

Ыстамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған болуы мүмкін
inform.kz

13 қараша жергілікті уақытпен 16:20-да Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орын алған оқиғаға байланысты Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды. Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп, оқиға орнын залалсыздандырып жатыр.

«Мүмкін бұл терроризм деп айтқан дұрыс емес шығар, бірақ губернатордың берген оқиға туралы алғашқы ақпараттары күдігімізді растай түседі. Қазіргі уақытта шабуылды әйел жасады деген болжам бар», –  деді Индонезияға сапарының алдында жиналыс өткізген президент Ердоған.

Таксимдегі Истиқляль көшесі түнгі клубтар мен мейрамханалар бар, адам нөпірі көп болатын сауда аймағы. Ол “Республика” монументі орын тепкен алаңның айналасында орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер жиі табан тірейді. Истикляльдың басты жаяу жүргіншілер бөлігінде 19-ғасырдағы әйгілі брендтердің кинотеатрлары, кафелері мен дүкендері орналасқан. Мұнда ескі қызыл трамвайлар да жүреді.

 “Осы уақытқа дейін 6 адам қаза тапты, оның 4-еуі оқиға орнында қаза тапса, олардың екеуі - ауыр халде.81 адам жарақат алды. Біз әзірге жарылысты әйел жасады деген ойдамыз және террорлық әрекет деп есептейміз”, – деді вице-президент Фуат Октай президент Ердоғанның сөзін қуаттап.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →