×

Алматы облысында түрмедегі "кибералаяқ" ел азаматтарын 25 млн теңгеге алдап соққан

Тергеу барысында 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді

Алматы облысында түрмедегі "кибералаяқ" ел азаматтарын 25 млн теңгеге алдап соққан
pexels

Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен, 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.

Бұл дерек 2023 жылы 2 наурызда мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі - “Алаяқтық” бойынша көзделген құқықбұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.

Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталған Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.

Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау үшін біздің өңір бойынша және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізілуде. Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері "қызмет бойынша әрекетсіздік" - ҚР ҚК 370-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →