×

Маймылдар пышақ жарақатынан аман қалған қызды таспен ұрып өлтірген

Бұдан да сорақысы, осыдан алты ай бұрын тамағына пышақ кірген Девунури өлім аузынан қалған болатын

Маймылдар пышақ жарақатынан аман қалған қызды таспен ұрып өлтірген
planetone.ru

Үндістанның Телангана штатында маймылдар үш жасар қыздың басына тас лақтырып өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасай отырып.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір топ маймыл қаңылтырдың астында ойнап отырған үш жасар Девунури Абхинавтың басына тас лақтырған. Бүлдіршінді құтқарып қалу мүмкін болмаған.
Бұдан да сорақысы, осыдан алты ай бұрын тамағына пышақ кірген Девунури өлім аузынан қалған болатын. Қызының өмірін сақтап қалу үшін ата-анасы әрең дегенде отаға қажетті алты мың долларды жинап берген еді. Ұзақ уақыт бойы оңалтудан өткен қыз жақында ғана алған жарақатынан толық жазылып шыққан-ды. 
Порталдың хабарлауынша, Үндістандағы маймылдардың адамдарға жасаған шабуылдары халық арасында үлкен алаңдаушылық туғыза бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл өткен сайын приматтардың ызақорлығы артып, қауіп төндіруде.
Мысалы, биылғы жылдың наурыз айында бір топ маймыл зейнет жасындағы кейуанаға шабуыл жасап, жерге құлатқан. Басымен қатты құлаған әйел сол жерде жан тапсырыпты. Былтыр приматтар су жағасында ойнап отырған бес жасар қызды тістеп тастаған. Бала алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды. 2021 жылы маймылдар жергілікті тұрғынның пәтерінен сегіз айлық екі қызын ұрлап әкеткен. Олардың бірін адамдар құтқарып үлгерді, ал екіншісін маймылдар өлтіріп тастаған. 


«Бұл құрбандардың толық тізімі емес. Жыл сайын дерлік приматтардың кесірінен адамдар өліп жатыр», - деп жазады басылым.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →