×

Ақтөбеде екі әйел көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан құлап, көз жұмды

"Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Ақтөбеде екі әйел көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан құлап, көз жұмды
Telegram/ POLISIA.KZ

Марқұмдар бір-біріне туыс па, таныс па -  полицейлер ашып айтпады. Белгілісі, 25-қабатты үйден құлаған сәтте олар подъезд алдында  тұрған "Лексус" автокөлігінің үстіне түскен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бүлінген көліктің үстін матамен жауып,  дене құлаған жерге топырақ сеуіп тастаған. Қазір "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мұндай қайғылы жайт "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінде бұрын да болған. Бірнеше мәрте жастар құлап, қайтыс болған еді. Тұрғындар бұл үйдегі көп пәтерді қожайындары жалға беріп қойғанын айтты.  

Бір тәулік бұрын Ақтөбеде тағы бір қайғылы жағдай тіркеліпті. 1996 жылы туған бойжеткен 8-қабаттан секіріп, көз жұмған. Полицейлер бұл екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ екенін айтты. Қазір  жай-жапсарын анықтап жатыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →