×

"Қауіпсіздігімді қамтамасыз етіңізші": Танымал журналист Президентке үндеу жолдады

"Қауіпсіздігімді қамтамасыз етіңізші": Танымал журналист Президентке үндеу жолдады
Видеодан кадр

Белгілі журналист Ербол Мәндібек әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, Мемлекет басшысынан жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өміріне араша түсуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қымбатты Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Сізден өмірімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймын. Өйткені кешеден бері менің артыма түсініксіз із кесушілер, аңду түскенін сезіп жүрмін. Дәл қазір менің басымда қорқыту-үркітулер жүріп жатыр. 
Мен тәуелсіз журналиспін. Қазақстанда сөз бостандығы, журналистің қауіпсіздігі ескеріледі деп сенемін. 
Мемлекеттік ақпараттық саясат саласында 15 жыл еңбек еткен журналист ретінде саясатқа да араластым, мүмкін біреулердің жолын кескен кездерім де болған шығар. Сондықтан егер маған қастандық жасалып, өмірден өтіп кететіндей жағдай болса, барлығыңыздан кешірім сұраймын. Бірақ ешқашан халқыма қарсы шыққан емеспін!
Құрметті Президент мырза, мен Сізді қолдаймын, Жаңа Қазақстанға, Әділетті Қазақстанға сенемін! Менің, отбасымның, бауырларымның қауіпсіздігін қамтамасыз етіңізші!»
- делінген бейнежазбада.

Кейін журналистің бірнеше рет әлеуметтік желіге шыққан тікелей эфирлерінен Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға, ҚР ІІ министріне, сондай-ақ басқа да құзырлы тұлғаларға осы өтінішпен хабарласқаны мәлім болды.   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →