×

Жер саласына түбегейлі реформа керек – Бақытжан Базарбек

Ол жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет екенін айтты

Жер саласына түбегейлі реформа керек – Бақытжан Базарбек
Inform.kz

Елімізге жер саласындағы олигархтар мен сыбайластык жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу қажет. Мұндай ұсынысты депутат, заңгер Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлады Qaz365.kz.

Ол жер реформасын бастау керек және жер реформасынын негізгі бағыты жер саласындағы олигополиядан шынайы арылудан басталу қажет деп санайды. 

«Жер саласындағы монополиялардың қалыптасуына құқықтық жолмен тойтарыс беруіміз қажет. 30 жыл бойы ауылдың жері көрінгеннің қолында қолды болып кеткен. Заңсыз халықтың ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар оны игермей, дереу оны сатуға не банкке кепілге қоюға тырысатын. Екі ортада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің мүддесі», - дейді Бақытжан Базарбек.

Депутат сондықтан алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет деп санайды. Реформаның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек екен. Өзі де жер саласында кәсіби сарапшы ретінде бірқатар шешім ұсынды. 

Біріншіден, жер кадастрының ашықтығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелері аты-жөндерінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет дегенді алға тартты. Сонда мындаған, тіпті, миллиондаған жерлердің иелерін білу керек деп отыр.

«Екіншіден, жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес Жер ресурстарын басқару агенттігін құру керекпіз. Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастры бір қолға өтсін. Яғни, Цифрлық даму министрлігінен Жер ресурстарын басқару агенттігіне беру қажет», - дейді мәжілісмен.

Ол сонымен қатар жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жерге қатысты жасалған махинациялардың алдын алуды ұсынды. Тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, жерді тәркілеу шарасын олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атында рәсімделген жерлерге тарату кажет деп отыр.

Ол «Қазақмыс» корпорациясы, «Арселор Миттал Теміртау», «ТеңізШевройл», «Қарашығанақ» сияқты ірі компаниялардың жер қойнауы пайдалану бойынша келісімшарттарын тексеруіміз керек деп қадап айтты.

«Жер саласындағы сыбайлас жемқорлық пен жерге қатысты жасалған махинациялардың алдын алу үшін ЕГКН электрондық порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жерге қатысты  жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді бұғаттау және бас тарту жүйесін енгізу керек», - деді депутат.

Жалпы, депутат айтқандай, жер – қазақтың жанды жері. «Жер тағдыры – ел тағыдыры» деп бекер айтылмаса керек. Бақытжан Базарбек «олигополиядан арылу керек» деп отыр. Осы бағытта біраз жұмыстар атқарылып жатқаны да жасырын емес. Мысалы, биыл AMANAT партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров

Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысындағы 239 мың гектар, Жамбыл облысындағы 60 мың гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Оның алдында  партия бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар болатын 59 жер учаскесі анықтаған еді. Олардың да меншік иесі Болат Назарбаев болып шыққан.

Экс-президенттің інісінің иелігінде болған жерлер мұнымен бітпейді. Ол сонымен қатар Алматыдағы «Барыс» базарының маңындағы 40 гектарға жуық жерінен де айырылған.

2022 жылы Қазақстанда мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңды бұза отырып берілген 5,2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері тәркіленді. Осы жылдың соңына дейін тағы 5 миллион гектар жерді алып қою жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бұдан басқа халық малын жаю үшін жайылым тапшылығы проблемасын шешу мақсатында бірқатар шаралар қабылданып жатыр деген болатын.

«Ең алдымен ауылдық елдімекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізіледі», - дейді вице-министр.

Жалпы, елімізде мал жайылымына арналған жердің 36 пайызы ғана пайдаланылып, қалған 64 пайызы бос жатыр. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге тоқталып, атқарушы билікке  бос жатқан жерді қайтарып, ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған еді.

Айта кетейік, 2021 жылы елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданған. Заңда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →