×

Қазақстанның үш азаматы үш айдан бері Өзбекстанда қамауда отыр

Дерекке сүйенсек, қазақстандық азаматтар Алматы облысындағы бұрынғы “Үшқоңыр” қазіргі “Керуен” автовокзалының директоры бастаған топ

Қазақстанның үш азаматы үш айдан бері Өзбекстанда қамауда отыр

Қазақстанның үш азаматы Өзбекстанға келіссөз жүргізуге барып қамауға алынған. Содан бері 3 ай өтті әлі жіберер емес, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, қазақстандық азаматтар Алматы облысындағы бұрынғы “Үшқоңыр” қазіргі “Керуен” автовокзалының директоры бастаған топ. Олар Өзбекстанға Алматы-Нүкіс бағытындағы автобустарға байланысты келіссөз жүргізу үшін барған. Себебі жат елде осы бағыт бойынша төленетін билет құнының тең жартысын алып отырыпты. Осы мәселені реттеуге барғандар сол жақтың азаматтарымен байланысып қалған. Ақырында 10 адамнан таяқ жеп, артынша жәбірленуші тараптан кінәлілерге айналған. 

Таяқ жеп қамауға алынған қазақстандықтардың мәселесін көтеріп туыстары Алматыдағы Өзбекстанның бас консулдығының алдына жиналыпты. Олар әділдік сұрап отыр. 

“Мемлекеттік органдағы басшылардан, азаматтардан жолдасымның аман-есен бала-шағасына оралуына көмектессеңіздер екен деп сұраймыз. Соттың әділ болуын сұраймыз. Өйткені осы уақытқа дейінгі болған тергеудің барлығы біржақты болды. Ешқандай нәтиже жоқ”,  – дейді туыстардың бірі.

Біздің елдің азаматтары соққыға жығылғанымен, қарсы тарап арыз түсіріп, өздерін жәбірленуші ретінде көрсетіпті. Солардың арызы бойынша, Өзбекстанның құзырлы органдары “Керуен” автовокзалының директоры Данияр Жүнісов пен оның қасындағы екі адамды қамап тастаған. Үш айдан бері жат елдің абақтысында отырған азаматтарға қатысты Сыртқы істер министрлігі әзірге жауап берген жоқ. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →