×

Антикор "Қазселденқорғау" басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Олар кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды

Антикор "Қазселденқорғау" басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады
Ашық дереккөздерден

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

"Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

2022 жылғы желтоқсанда "Қазселденқорғау" ММ басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталғаны мәлім болды: ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →