×

Әжетханадағы әлімжеттік: соттың алғашқы отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар

Әжетханадағы әлімжеттік: соттың алғашқы отырысы қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында әжетханада студент қызды соққыға жыққан бойжеткендерге қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар. Тәртіп сақшылары тергеу барысында олардың барлығынан жауап алды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталды. Прокуратура тергеудің барлық материалдарын зерделеп шықты. Іс сотқа жолданды, - делінген ақпаратта.


Ал ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі соттың алғашқы отырысы 5 маусым күні өтетінін мәлім етті. 
Айта кетейік, сәуір айының басында Өскеменде сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тараған болатын. Қыздың әпкесі Тоғжан Досымова ресми деректерде шындық ашып айтылмай жатқанына қынжылысын білдірген болатын. 
Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді.
Айта кетері, ұрып-соққан оқушының бірінің анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Өскемен қалалық білім бөлімі басшысы Сәуле Алагөзова жақында оның қызмет кеткенін мәлім етті. Әкесі Антикорда істейді деген ақпарат та тараған. Бірақ ол жағы расталмады. Кейіннен мәлім болғандай, қыздың әкесі мектептердің бірінде күзетші болып істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →