×

«Мені Ақордаға кіргізесіз бе»: елордалық 1-сынып оқушысының арманы орындалды

Мереке қарсаңында арнайы шақырылды

«Мені Ақордаға кіргізесіз бе»: елордалық 1-сынып оқушысының арманы орындалды
akorda.kz

Жуырда Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Ақорданы аралап көргісі келетінін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен, Саяділ Асылтас Нұртасқызы, 1-сыныпта оқимын. Менің туған күнім - 17 мамыр. Сіздің туған күніңізбен бірге. Менің арманым –  Сізбен кездесу. Сіз мені Ақордаға кіргізесіз бе?» - деп жазды Асылтас Саяділ Мемлекет басшысына жазған хатында.

Халықаралық балалар күніне орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлына көп-көп рахмет! Маған бүгінгі экскурсия ұнады. Шақырғаны үшін рахмет! Сыйлықтары ұнады. Өскенде Президенттің көмекшісі болғым келеді», - деді Асылтас.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады
Кеше, 08:22

Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады

Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →