×

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінен неге бас тартқанын айтты

Өзімді нашар сезіне бастадым

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінен неге бас тартқанын айтты
rolandgarros.com

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2023" турнирінен неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

"Кеше өзімді нашар сезіне бастадым, дене қызуым көтерілді. Бүгін де солай болып тұр. Мұндай жағдайда ойнау қиын. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Дене қызуым бар, басым ауырып тұр, ұйқым нашар болды. Мен бұл белгілерді екінші раундтан кейін сезіне бастадым. Менің жолым болмады, шөп төсенішіне дейін қалыпқа келуге тырысамын", - деді Елена арнайы баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жалғастырудан бас тартқан болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →