×

АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі

Барлық компания серіктес болуға ұмтылуда

АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі
inbusiness.kz

Атом электр станциясыy cалу бойынша мәселе референдумға шығарылмайды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл мәселе (АЭС құрылысы туралы) референдумға шығарылмайды. Бірінші мәселе станцияны орналастыратын жерге қатысты болып тұр. Екіншіден, технология мен қаржылық-экономикалық модель маңызды тақырып», –  деді dbwt-vbybcnh.

Оның айтуынша, қазір осы салада жұмыс істейтін компаниялардың барлығы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға талпынып отыр. Атап айтқанда, жақында келіссөздерге Оңтүстік Кореядан өкілдер келген. Сонымен қатар, Қытай жағы да тиісті ұсыныс жасауы мүмкін.

«Біз әлі де АЭС салынатын жер мен құрылыс жұмыстарының уақытын нақтылаған жоқпыз. Енді заңнамаға сәйкес қоғамдық тыңдаулар ескерілген. Бізге жаңа министр келді және осы мәселемен айналысып жатырмыз», - деді вице-министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кеген ауылының тұрғындары жер сілкінісін сезді
Бүгін, 11:33

Кеген ауылының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →