×

Алматы облысы Балқаш ауданындағы өртті 80 адам сөндіріп жатыр

Өрт аумағы 150 гектардан 120 гектарға дейін қысқарған

Алматы облысы Балқаш ауданындағы өртті 80 адам сөндіріп жатыр
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы мен Іле-Балқаш табиғи резерватының қызметкерлері ірі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 26 маусымда өрт сөндірушілер өрт аумағын 150 гектардан 120 гектарға дейін қысқарта алған. Барлығы 80  адам өртпен әлі де күресіп жатыр.

“Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сонымен қатар "Іле-Балқаш "РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Іле-Балқаш табиғи резерватында ірі өрт шыққанын хабарлаған еді. Өрт 6200 гектар жерді шарпыған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →