×

Қарағандылық депутат екі жасөпірім мен 9 сиырды қағып кетті

Балалар ауруханаға жатқызылды

Қарағандылық депутат екі жасөпірім мен 9 сиырды қағып кетті

Қарағанды облысында жеңіл көлік екі баланы және бірнеше сиырды қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2 шілде күні Бұқар жырау ауданында Ботақара-Доскей тас жолында ауданға қарасты ауылдардың бірінің маңында Nissan  автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп жатқан малға соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші азаматша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, 8 және 16 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар мінген мотоциклді қаққан.

«Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Полиция деректі тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарламасында.

Көлік  жүргізушісі Аманат партиясының Бұқар жырау аудандық филиалының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты екені анықталды. Депутат бұл кезде еңбек демалысында болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Бүгін, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →