×

Суға бата жаздаған қызды құтқарып қалған бокс бапкері мен оның шәкірттері марапатталды

Марапатты Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков табыстады

Суға бата жаздаған қызды құтқарып қалған бокс бапкері мен оның шәкірттері марапатталды
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті

28 жастағы алматылық бокс бапкері Данияр Сафин, оның шәкірттері Назерке Ерікова мен Дастан Құрманғали жасөспірім қызды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды. ТЖМ бұйрығымен олар көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылғы 2 маусымда сағат 20:00 шамасында бокс бапкері Сафин Данияр бір топ оқушымен «Шахристан» тұрғын үй кешенінің аймағындағы Үлкен Алматы өзені арнасының жағасында жүгіріп келе жақтан. Кенеттен, алда келе жатқан шәкірттері Даниярды шақырып алып, су жақты нұсқады. Ол 13-14 жасар қыз баланың суға батып бара жатқанын байқайды. Данияр өміріне төнген қауіпке қарамастан, бір секунд та кідірместен, суға түсіп, қызды құтқарып, оны қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен екі шәкіртіне берді.

«Менің сол аяғымды судың қатты ағысы тартты. Оң аяғыма және бетон тірегіне сүйеніп, судан әлсіреп қалған қызды бірден шығарып алдым. Шамасы, ол ұзақ уақыт бойы судан шығуға тырысқан, алайда ағынды жеңе алмай, су астына түсе бастаған. Қыз құрбысымен және құтқаруға көмектескен ересектермен қауіпсіз жерге шығарылды. Өкінішке қарай, мен қыздың атын сұрап үлгермедім, оны қауіпсіздігіне көз жеткізген соң, әрі қарай жаттықтырушылық жұмысымды жалғастырдым. Суға батып бара жатқан қызды байқап қалған шәкірттеріме алғыс айтқым келеді», – дейді Данияр Сафин.

Марапатты Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков табыстады.

«Азаматтық қорғау органдарының атынан сіздерге ерлігіңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер қызды құтқарып, оған екінші өмір сыйладыңыздар деп те айтуға да болады. Сіздердің шебер әрекеттеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында жазатайым оқиғаның болуына жол берілмеді. Сізге және ұжымыңызға спортта және жаттықтырушылық қызметте үлкен табыс тілеймін. Жалпы, қала тұрғындары мен қонақтарына жолды қысқартпауға және осы каскадтардың астынан өтпеуге кеңес береміз. Каскадтар тайғақ болғандықтан қауіпті», – деп атап өтті Ерлан Әлібеков.

Алматы қаласының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы су пайдалану қағидаларын және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірлесіп Алматы қаласының акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.

Рейд барысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері демалушылармен, қала қонақтарымен әнгіме жүргізіп, тыйым салынған орындарында шомылу өте қауіпті екенін түсіндіреді. Тыйым салу белгілерін елемеудің қажеті жоқ, өйткені мұндай жерлерде шомылу өте қауіпті, ал кейбір жағдайларда тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және қаланың рұқсат етілмеген жағажайларында шомылмауға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →