×

Алматыда жауын-шашын салдарынан екі аудан аумағын су басты

Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда

Алматыда жауын-шашын салдарынан екі аудан аумағын су басты
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басты, деп хабарлайды Qaz365.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, аталған екі ауданда су басу дерегі шұғыл түрде жойылды. Қазір жағдай толық бақылауда.

«Алмалы ауданына тиісті учаскеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен жиектастарда жаңбыр суын арық желісіне жіберетін саңылаулардың уақытша болмауына байланысты қысқамерзімді су басу дерегі анықталды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жиектастарда саңылаулар жасалады. Наурызбай ауданының әкімдігі «Алма сити» тұрғын үй кешенінде су басу дерегін жою бойынша жедел жұмыс жүргізді. Сағат 18.50 - де «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы мен қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу дерегі жойылды. Қазір көше желілеріне қосу арқылы ТК аумағынан су бұру мәселесі пысықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Ал «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, тау өзендері бойынша жағдай тұрақты. Су басу дерегі анықталған учаскелерде аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда шаруашылықтар егістікке жаңа агротехнологияларды енгізуде
Бүгін, 21:31

Жетісуда шаруашылықтар егістікке жаңа агротехнологияларды енгізуде

Облыс әкімі Көксу ауданындағы көктемгі егіс жұмыстарының барысын көрді
Жоба көпқабатты үйлерді басқаруды жетілдіруге және тұрғындардың қатысуын арттыруға бағытталған тиімді тетік
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →