×

Прокуратура 1,6 млрд теңге тұратын орман учакесін мемлекетке қайтарды

Ол 2018 жылдан бері мақсаты бойынша пайдаланылмаған, жалға алу ақысы төленбеген

Прокуратура 1,6 млрд теңге тұратын орман учакесін мемлекетке қайтарды
csrjournal.com

Мемлекетке құны 1,6 миллиард теңге тұратын орман қорының учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 гектар сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесі қайтарылды.

"Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген", – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болғаны айтылды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 миллиард теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →