×

Қырғызстан Қазақстанға егіс суын жіберуді тоқтатты

Бұл шешімге екі тарап шілдеде уағдаласқан

Қырғызстан Қазақстанға егіс суын жіберуді тоқтатты
andy-good.ru

Қырғызстан Қазақстанға баратын егіс суын тоқтатты. Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуына қарағанда, бұл шешімге екі тарап шілдеде уағдаласқан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

17-19 шілдеде Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері кездескен. Кездесуде Қазақстан Киров су қоймасынан Жамбыл облысындағы суармалы егіске суды көбірек жіберуді сұраған. 

"Олар 18-31 шілде аралығында Киров қоймасынан секундына бұрынғыдай 40 текше метр емес, 45 текше метр су жіберуді сұрады. Біз көбейте алмайтынымызды, өз егісімізге де жетпей жатқанын алға тарттық. Егер 45 текше метр су алатын болса Қазақстанның 3,54 миллион текше метр лимиті 4 тамызда-ақ таусылады. Қазақтар сонда да өтінішінен бас тартпады. Сондықтан екі жақ Қазақстанға егіс суын тамыздан бастап тоқтату жөнінде хаттамаға қол қойды", - дейді Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі Азаттықтың Қырғыз редакциясына қайтарған жауабында. 

Ведомствоның жазуынша, қазір Қырғызстанның Талас облысында су тапшылығы болып жатыр, бұл облысқа Киров су қоймасынан секундына 1,3 текше метр жіберіледі. Былтыр бұл уақытта секундына 13,7 текше метр су ағытылған. 

Бұған дейін Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Қырғызстан тамыздан бастап Жамбыл облысына баратын егіс суын тоқтатқанын, соның салдарынан бұл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіп төнгенін хабарлаған. Бұл ақпаратқа қарағанда, 9 тамызда Киров су қоймасынан Талас өзенінің бассейніне 32,48 миллион текше метр су жіберілген, онысы былтырғыдан (177,28 текше метр) 144,8 миллион текше метр аз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →