×

Әнші Луина: Балам ағылшынша фразалар қолданады

Әнші Луина баласының күтушісі филипинка екенін айтты

Әнші Луина: Балам ағылшынша фразалар қолданады
Qaz365.kz коллажы

Әнші Луина баласының күтушісі филипинка екенін, олар ағылшын тілінде сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Бізбен бірге үйде филипинка өмір сүретін болған соң, бірде қазақша, бірде орысша, бірде ағылшынша ойланып, есіме түсіріп отырамын. Үйде солай шатасып кетемін. 20% ғана білемін ағылшын тілін. Бірақ, бала күтушімнің арқасында ағылшын тілінде практика болады. Балам үш жасқа енді толатын болса да анасымен орыс тілінде, бала күтушісімен ағылшын тілінде сөйлеу керектігін түсінеді. Сөз арасында балам жиі ағылшынша фразаларды қолданады. Мәрис менің бала күтушім әрі көмекшім",-дейді әнші Луина.

Осыған қоса, Луина үйде қашан тамақ дайындайтынын айтты. Оның айтуынша, олар үнемі сырттан тамақтанады, алайда үйінде тамақты баласы сұрағанда соған арнап жасайды екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →