×

ИК тобының концертінде көз жұмған мобилографтың түсірген соңғы видеосы жарияланды

Мобилографтың жасы бар-жоғы 21-де болған.

ИК тобының концертінде көз жұмған мобилографтың түсірген соңғы видеосы жарияланды
коллаж Qaz365.kz

ИК тобы концертінде көз жұмған мобилографтың түсірген соңғы видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода мобилограф Шахназ Жылқыайдар концерт алдында сахнаға апарар жолды көрсетіп, таныстыра бастайды. 
Шазназ 2002 жылы туған жігіт болып шықты. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол контент жасауға көмектесетінін жазып, жарнама қалдырған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға кеше болған еді. Топ мүшелері қайғылы хабарды сахнада жанкүйерлеріне жеткізді. Әлеуметтік желілерде топ мүшелерінің видеолары белсенді түрде тарап жатыр. Белгілі болғандай, мобилограф концерт алдында құлап, көз жұмған. Сондықтан концерт тоқтатылған.

«Жалпы, біз үшін бұл туралы айту өте қиын. Топтың насихатын жүргізіп жүрген мобилограф сахнада құлап қайтыс болды. Сондықтан бүгін концерт өткізе алмаймыз. Келгендеріңізге, қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді ерекше жақсы көреміз», - деді «ИК» тобының мүшесі Азамат Маркленов.

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Кеше, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →