×

Семейде мүгедектігі бар 9 адам құлағалы тұрған апатты үйде тұрып жатыр – танымал бапкер президентке жүгінді

Бапкер 12 отбасы тұрып жатқан жағдайға қараудың өзі қорқынышты екенін айтады

Семейде мүгедектігі бар 9 адам құлағалы тұрған апатты үйде тұрып жатыр – танымал бапкер президентке жүгінді
Qaz365.kz коллажы

Бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі күрес бапкері Ержан Амарханов хабарлады. Ол баспанасыз қалғалы тұрған азаматтармен үйді көрсетіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Маған жатақхана тұрғындары жүгінді. Мұны тіпті жатақхана деп айтуға болар ма екен!? 100 пайыз апаттық жағдайда. Мұнда тұрудың өзі қауіпті. Мұнда 52 адам тұрады. Ішінде мүгедектігі бар 9 адам. 12 отбасы. Тұрғын үй инспекциясы бұл кісілерге «кезекті сақтаңдар, сонда ғана үй аласыңдар» дейді. Екі жарым жыл бойы кезек бір мәрте алға жылжымаған. Кезекте тұр сол күйі. Үй өртеніп кетуі керек пе!? Бәлкім, сонда ғана резонанс болып, оларға үй бөліп беретін шығар?» - дейді Ержан Амарханов. 
 

Бапкер 12 отбасы тұрып жатқан жағдайға қараудың өзі қорқынышты екенін айтады. 


«Тіпті не дерімді білмеймін. Көмектесіңізші. Бұл адамдар арендаға да көнеді. Басында баспана болса екен. Су жүйесі, жылыту, кәріз жүйесі де жоқ. 300 метр жерде қазандық тұр. Сонда да. Өкінішті-ақ. Шынында да, үй апаттық жағдайда. Мен блогермін. Мен балаларды грек-рим күресінен тәрбиелеймін. Осынау мұқтаж, баспанаға зәру азаматтарға көмек қолын созайықшы», - дейді Ержан Амарханов. 


Ержан Амархановтың өзі «Қазақстанның 100 есіміне» кірген бапкер. Семейдегі өзекті мәселелерді көтеріп жүреді. Бірнеше жыл бұрын ондаған адамды өртенген автобустан құтқарып қалып, бүкіл елге жақсы аты шыққан азамат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →