×

Блогер Алексей Лодочников қазақ тілін менсінбейтін қазақстандықтарға үндеу жасады

Блогер мемлекеттік тілді үйренуге шақырды

Блогер Алексей Лодочников қазақ тілін менсінбейтін қазақстандықтарға үндеу жасады
видеодан скриншот

Белгілі блогер Алексей Лодочников түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсеткен видео жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер бұл видео «Мен неге қазақ тілін үйренуім керек? Ол маған не береді?» деген сұрақ қоятындарға арналғанын айтты. Ол осы сарынды әңгімелерді жиі еститінін атап өтті.

«Қазақ тілін үйрен. Қазақ тілін білу сізге барлық есікті ашады», – деді қазақ тілі мұғалімі Юлия.

«Біз қазақ тілін үйренуге міндеттіміз, өйткені біз Қазақстанда тұрамыз. Бұл біздің тіліміз», – деді видеода қатысушылардың бірі.

«Тек бастаңыз, ары қарай бәрі ойдағыдай болады», – деді Виктор.

Сондай-ақ Алексей өз ана тілін әлі күнге дейін менсінбейтіндерге осы видеодағы адамдарға қарап, ана тілін үйренуге шақырады.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Алексейге қазақ тіліне деген қамқорлығы үшін алғыс білдіруде.

«Алексей, сен үлгісің!», «Осындай орыстарға үлкен құрмет», «Жарайсың, Алексей!», «Бұл жігіттерде тіпті акцент жоқ», – деген пікірлер жазылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →