×

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 миллиард теңгеге алдап кетті

Ерлі-зайыпты сотталды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 миллиард теңгеге алдап кетті
ашық дереккөзден

"Елімай-2019" ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.

"Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →