×

Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілін де кеңейту үшін мектептер ашады

Орыс тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылмақ

Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілін де кеңейту үшін мектептер ашады
Фото: elorda.info

Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Қазақстандағы орыс тіліне деген қызығушылық туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. 

«Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектептің құрылысы туралы мәселені талқылауды бастадық», – деді Алексей Оверчук жиында.

Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастамасы үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгін таңертең Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді. Екі ел Президенттері Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына  бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →