×

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды

Жолаушыларға 10 автобус қызмет көрсетеді

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды
Zakon.kz

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды. 20 қарашадан бастап №234 автобус Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына қатынайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жолаушыларға 10 автобус қызмет көрсетеді.

"Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобильділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын, қала маңына қатынайтын жаңа 10 маршрут ұйымдастырады. Бұрын 6 маршрут ашылды, қалған 3 бағыт әзірленіп жатыр”, – делінген хабарламада.

 Алматы мен Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қоян жылындағы астаналық спортшылардың жетістігі
Кеше, 18:29

Қоян жылындағы астаналық спортшылардың жетістігі

Елорда спортшыларының жетістігі
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі
Ресейден келген ерлі-зайыпты театрларына демеуші іздейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →