×

«Мен дайын едім»: Абат Айымбетов Словениямен матчта алаңға кеш шығуының себебін айтты

Ұлттық құраманың шабуылшысы өз пікірін айтты

«Мен дайын едім»: Абат Айымбетов Словениямен матчта алаңға кеш шығуының себебін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Еуро-2024 іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан Словениядан жеңілді. Егер осы ойында үш ұпай алғанда Қазақстан тікелей жолдамаға ие болар еді. Бәлкім, алаңға шабуылшы Абат Айымбетовті ертерек шығарғанда гол соғып кетуі мүмкін еді дейтіндер бар. Футболшының өзі тілшілерге берген сұхбатында дайын болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұтылғаннан кейін әр нәрсе айтыла береді ғой. Белгілі бір себептер бар. Естілер, айтылар. Футбол болғаннан кейін проблемалар болады. Бірақ мен алаңға шығуға дайын едім. Бапкердің өз білгені болған шығар. Сол үшін бұл жерде ешқандай өкініш жоқ. Тек қана қолдаймыз. Өзінің тактикасы болды. Өкінетін ештеңесі жоқ. Алда Ұлттар лигасы келе жатыр. Екінші мүмкіндік деп айтар едім. Барымызды салып ойнаймыз», – деді Абат Айымбетов.

Айта кетейік, Қазақстан Словениядан сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылды. Шабуылшы Абат Айымбетов алаңға небәрі 92-минутта Максим Самородовты ауыстырып кірді.

Бұған дейін ҚФФ президентінің кеңесшісі, комментатор Ермұхамед Мәулен подкастардың бірінде негізгі құрамда ойнаған Максим Самородовтың ойынын көруге еуропалық скауттар келгенін айтқан еді. Бәлкім, Самородовтың ойынын скауттар қарау үшін Айымбетовті алаңға кешірек шығарған болар деп топшылайтын сарапшылар бар. 

«Дания – Қазақстан кездесуінде Максим Самородовтың ойынын көруге Италияның «Торино» командасынан скауттар келді. Сонымен қатар Түркияның «Фенербахче» клубы да қызығушылық танытып отыр. Ресейден «Краснодар» келісімшарт ұсынды», – дейді Ермұхамед Мәулен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →