×

«Қазпошта» филиалдарында 273 млн теңге ұрланған

«Қазпоштада» 270 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды

«Қазпошта» филиалдарында 273 млн теңге ұрланған
Фото: kazpost.kz

«Қазпошта» АҚ-ның өңірлердегі филиалдарында жүргізілген ішкі тергеу жұмыстарының нәтижесінде биыл 273 млн теңге жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», – делінген мекеме хабарламасында.

«Қазпошта» АҚ ақпаратында ведомствоның орталық кеңсесінде және жергілікті жерлерде заң бұзушылық әрекеттермен күрес одан әрі жалғасатыны айтылған. Бұл бағытта мекеме басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істемек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →