×

«Jastar Jalyny-2023»: Астанада жастар шығармашылық фестивалі басталды

Елордада жастар шығармашылық фестивалі басталды

«Jastar Jalyny-2023»: Астанада жастар шығармашылық фестивалі басталды
Фото: ашық дереккөзден

Астананың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында «Jastar Jalyny – 2023» шығармашылық фестивалі басталды. 13 желтоқсан күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

4 желтоқсан күні басталып, 12 желтоқсанға дейін созылатын фестиваль барысында жастар 10 номинация бойынша сынға түседі.

Фестиваль Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді.

«Jastar Jalyny – 2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Астана қаласының 15 университеті қатысады.

«Jastar Jalyny – 2023» фестивалінде ұсынылған номинациялар:
Эстрада, Ұлттық би, Заманауи би, Музыкалық аспаптар, Шахмат, Поэзия, Медиа, Театр, Сурет, Qazaq Quiz.
«Jastar Jalyny – 2023» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан жасақталды.
Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді
Бүгін, 15:41

Тоқаев домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады
Нақты қай банктің қызметкерлері тергеуге ілінгенін құзырлы орган ашып айтпайды
39 кен орнының 12-сі – алтын кені
Батыс Қазақстан облысында киіктерді ату жұмыстары басталды. Бұл шара 30 қарашаға дейін жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →