×

«Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін»: Алматыда блогерге сеніп үйге ақша салған азаматтар Президентке жүгінді

Олар әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысына үндеу жолдады

«Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін»: Алматыда блогерге сеніп үйге ақша салған азаматтар Президентке жүгінді
Коллаж Qaz365.kz

«Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін!». Алматыда блогерге сеніп үйге ақша салған азаматтар Президентке жүгінді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Олар әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысына үндеу жолдады.

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Біз сізге осы видеоүндеуді жолдауға мәжбүрміз. Себебі Алматы қаласы Мәдениет ықшам ауданында DOSTAR DELUXE деп аталатын тұрғын үй кешеніне үлескер ретінде ақша салғанбыз. Құрылыс жүргізуші компания – MAX BET PV2. Директоры – Нұрмағамбетов Берік Темірғалиұлы. Келісімшарт бойынша осы жылдың төртінші тоқсанында, яғни желтоқсан айында тұрғын үй кешені пайдалануға берілуі керек болған», – дейді видеоүндеу жолдаған азаматтар.

Олар қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап тұрғанын айтады. Себебі үшінші теміржол вокзалы салынатындықтан, әкімдік құрылысты тоқтатқанын атап өтеді.

«Әрине, кез келген салаға жарнама арқылы келетініміз барлығымызға белгілі. Осы тұрғын үй кешеніне үлескер ретінде ақша салу барысында бізге сол кездегі танымал блогер, қазіргі Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жарнамасы басты себеп болды. Жарнамаға алданып, жүзден астам адам салымшы ретінде 200 млн теңгеден көп ақша салып, не үй жоқ, не ақша жоқ болып отыр. MAX BET PV2 компаниясы келісімшартты бұзған үлескерлерге ақшаны төрт ай ішінде қайтаруға уәде беріп, әртүрлі сылтаумен кейінге қалдырып келеді. Аталған компания әлі де жарнама таратып жатыр. Басқа адамдар алданып қалмасын. Ақшамызды толық қайтарып беруін талап етеміз!» – дейді азаматтар.

Алматы тұрғындары Президенттен мәселені реттеуді сұрайды. «Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін!» деп талап етеді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 50-ден аса салымшы «арзан бағада пәтер аламыз деп сан соғып қалғанын» massaget.kz жазған болатын. Салымшылардың компанияның жарнамасын @dauletten, яғни сол кездегі блогер Дәулет Мұқаевтың парақшасынан көрген. «Менің атымнан барсаңыздар, 20 пайыз жеңілдік» деген қазіргі Мәжіліс депутатының сөзіне жұрт сеніп, бар ақшасын берген. Үйді актер Нұрболхан Шарапов та жарнамалаған. Алайда DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып тоқтаған. Тұрғындардың сөзінше, жауапты компанияның әуелбаста үй салуға рұқсат қағазы болмапты. Аталған үйді MAX BET PV2 құрылыс компаниясы салуға міндеттелген. Дәл осы MAX BET PV2 компаниясының жұмысына Астанадағы бір топ салымшы да шағымданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →