×

Жетісу облысында әскерге барғанына 3 ай ғана болған сарбаз көз жұмды

Жетісуда қыркүйекте ғана әскерге шақырылған Әмір Байтұрғанов көз жұмды

Жетісу облысында әскерге барғанына 3 ай ғана болған сарбаз көз жұмды
Фото: paryz.kz

Жетісу облысында қыркүйекте ғана әскерге шақырылған Әмір Байтұрғанов көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz «Астана» арнасына  сілтеме жасап.

Әмір үнемі спортпен айналысатын мықты жігіт болған. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жеткен – Әмір комаға түсіп қалған. Ал сағат 6:20-да жас жігіт қайтыс болған.

Белгілі болғандай, бірер күн бұрын жауынгерлік жаттығулардан кейін Әмір өзін нашар сезініп, жоғары температурамен дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер ыстығын уақытша түсіре алған көрінеді.

Қорғаныс министрлігі Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ільясов сарбаздың өліміне жіті инфекциялық менингит себеп болуы мүмкін дейді.

Бірақ туыстары өлімнің бұл нұсқасына сенбейді. Олардың айтуларынша, ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрегі ауыратынына шағымданып келген.

«Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ол бөлімшенің медициналық қызметінің басшысына УДЗ жасату үшін хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда қалаға барып, УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит деген диагноз қойды. Медициналық бөлімшеге сол күні түскенімен, 3 күн ғана емделді», – деді Мұрат Байтұрғанов.

Туыстары өлімге ұзаққа созылған пиелонефрит себеп болды деп есептеп, қайғылы оқиғаның әділ зерттелуіне үміттенеді. Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →