×

Бишімбаевтың адвокаттары сотты адастырмақшы болды

Судья күдіктінің адвокаттарына ескерту жасады

Бишімбаевтың адвокаттары сотты адастырмақшы болды
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы бастала сала оның қорғаушылары БАҚ пен әлеуметтік желіде қылмыстық істің материалдары жарияланып жатыр деп, соттан шара қолдануды сұрады. Сондай-ақ адвокаттар гастроцентрдегі VIP бөлменің суретін көрсетті. Алайда зардап шеккен тараптың адвокаты сотқа суреттің 2023 жылы 8-9 қарашасында емес, 2024 жылдың наурызында түсірілгенін айтып, қарсылық білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыдан кейін судья күдіктінің адвокаттарына ескерту жасады.

«Сот қорғаушыларға ескерту жасайды. Сіз бұл қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынған фотосуреттер деп көрсетіп, сотты және процестің басқа қатысушыларын адастырдыңыз, бірақ іс жүзінде сіз басқа фотосуреттерді беріп отырсыз. Бұл фотосуреттер қылмыс болған 2023 жылдың қарашасында емес, 2024 жылдың наурызында түсірілген.

Осы себепті фотосуреттерді жинаңыз, біз сотталушыдан жауап алуды жалғастырамыз. Ал сотты адастырғаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде тиісті шараларды қабылдайды», - деді судья Айжан Құлбаева сәрсенбі күнгі сот отырысында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада хоккейден 117 миллион ақша жымқырмақ болған
Бүгін, 12:43

Астанада хоккейден 117 миллион ақша жымқырмақ болған

446 млн теңгеден астам сомаға сатып алу жариялаған.
Ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді
Ақылы тұрақтарды қадағалайтын мемлекеттік операторды құру керек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →