×

Оралда 13 жастағы қызды топтасып зорлаған бес адамға үкім шықты

Сотталушылардың кінәсі дәлелденген

Оралда 13 жастағы қызды топтасып зорлаған бес адамға үкім шықты
Ашық дереккөздерден

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық іс Батыс Қазақстан қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Бесеуіне де Қылмыстық кодекстің 293-бабы 4-бөлігі (зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау) бойынша айып тағылған.

Жасөспірімдер бірнеше көлікті бұзып, ішіндегі ақша мен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Ең сорақысы, 20 жастағы жігітпен сөз байласып, жалдамалы пәтерде оқушы қызға қорлық көрсеткен. Сотталушылардың бесеуі де қызды зорлаған.

Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру, алу, беттестіру хаттамаларымен, жас баладан жауап алу хаттамаларымен, тергеу судьясымен айғақтарды сақтауға қою хаттамасымен дәлелденген. Бейнежазбалар да растап отыр. Сараптама қорытындылары шығып, қыздың денесі қанталағаны анықталған.

“Кәмелетке толмаған Арман Молдағалиев Қылмыстық кодексінің 187-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен, 120-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылсын. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толмаған Бек Нұрмұхан 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толмаған Бейбарыс Асқар 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бекнұр Қалқаман 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толған Рүстем Меңдібеков 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – деп үкім шығарды БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
Бүгін, 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →