×

Алматыда Қытай азаматы 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін сатуға дайындаған

Тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылған

Алматыда Қытай азаматы 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін сатуға дайындаған
Polisia.kz

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған. Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның “Киберпол” қызметкерлері жүргізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →